Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында 7 ақпан күні қазақстандықтар спорттың 2 түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Sports.kz.
Атап айтсақ, қазақстандық спортшылар биатлон мен конькимен жүгіруден сынға түседі.
7 ақпандағы жарыс кестесі:
Конькимен жүгіру спорты 14:30. 1500 м.
Әйелдер
Биатлон 15:00
Жекелей жарыс. Әйелдер
Айта кетейік, Бейжің қаласындағы 2022 жылғы Қысқы Олимпиадада спорттың жеті түрінен 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Ақ Олимпиадада еліміздің атынан 34 спортшы 85 жолдама бойынша сынға түседі. Жарыс Бейжің орталығы, Яньцинь және Чжанцзякоу секілді үш аймақта өтеді.
Бейжіңде керлинг, хоккей, конькимен жүгіру спорты, ерлер мен әйелдер арасындағы сноубординг, шаңғы фристайлындағы биг-эйр бәсекелерін қабылдайды.
Ал астана маңында орналасқан Яньциньде шаңғы, бобслей, скелетон және шана спортында медальдар жүлделері сарапқа салынады.
Хэбэй провинциясында орналасқан Чжанцзякоу қаласында сноубординг, шаңғы спортының барлық түрі және биатлон жарыстарын қабылдайды.