Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бейжің Олимпиадасында шорт-тректен 500 метрге жарысудан жартылай финал аяқталды.
Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжғалиев 500 метр қашықтықта 2022 жылғы Олимпиада ойындарының финалына өтті.
Спортшы жарысты екінші орынмен аяқтады. Бұл нәтиже оған А финалына өтуге мүмкіндік берді.
Ал Денис Никиша бірінші жарыста төртінші орынмен өнер көрсетті. Ол В финалына жолдама алды.
Бұған дейін Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша жартылай финалға өткені туралы хабарлаған болатынбыз.