Бейжің-2022: 18 ақпандағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

18 Ақпан 2022, 09:33
1017
Бөлісу:
Бейжің-2022: 18 ақпандағы қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындарында ертең, яғни 18 ақпанда қазақстандық атлеттер бір спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды olimpic.kz.

Атап айтсақ, ертең Қазақстан құрамасы ерлер арасындағы конькимен жүгіру спортынан сынға түседі.

18 ақпандағы жарыс кестесі:

14:30 Конькимен жүгіру спорты

Ерлер

1000 метр. финал

Дмитрий Морозов, Денис Кузин

Еске сала кетейік, кеше әйелдер арасында қазақстандық конькишілер Надежда Морозова мен Екатерина Айдова дәл осындай қашықтықта финалда өнер көрсетті. Нәтижесінде Морозова 11-ші, Айдова 19-шы орын алды.

Ақ Олимпиадада ойындарында еліміздің намысын 8 спорт түрінен 34 спортшы қорғап жатыр.

Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спорттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен сынға түсуде.

Бейжің Олимпиадасы 20 ақпанда мәресіне жетеді.

Өзгелердің жаңалығы