Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

6 Тамыз 2020, 07:37
1307
Бөлісу:
Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының басым бөлігі антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Cиноптиктердің болжамы бойынша, еліміздің батысында, шығысында және оңтүстік-батысында биіктіктегі жыралардың әсерінен жаңбыр жауады, оңтүстік-батыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде желдің күшейюі, дауыл күтіледі, батыста және орталығында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Ақтөбе, күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл күтіледі.

Қостанай облысында күндіз кей жерде жел 15-20 м/с, түнде басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақмола облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады

Атырау облысында, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Өзгелердің жаңалығы