Бейсембаев әдістемелік орталықтардың басшыларымен кездесу өткізді

20 Қаңтар 2023, 11:40
726
Бөлісу:
Бейсембаев әдістемелік орталықтардың басшыларымен кездесу өткізді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әдістемелік орталықтардың басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде ведомство басшысы тараптардың ұсыныстары мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы президентінің баяндамасын тыңдады.

Қазақстанда 3 мыңға жуық әдіскер бар. Олардың көпшілігі 2022 жылы академияның білім беру саласындағы өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын әзірлеу бойынша 50-ден астам іс-шарасына қатысты.

Жиын қорытындысы бойынша Оқу-ағарту министрі бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, олар педагогтер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуге және әдістемелік орталықтар бойынша үлгілік ережені әзірлеуге қатысты болды. 

Өзгелердің жаңалығы