Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейруттегі портта 4 тамыз күні болған жарылыстан қаза тапқандар саны 190 адамға жетті, деп хабарлайды «Хабар24».
Оқиға салдарынан 6,5 мыңнан астам адам жараланған.Есептік деректерге сәйкес, жарылыс кезінде хабарсыз кеткен үш адам осы кезге дейін табылған жоқ. Қазіргі уақытта 300 мыңға жуық адам баспанасыз жүр. Сондай-ақ 50 мыңнан астам ғимаратқа зақым келген.
Еске сала кетсек, 4 тамыз күні Бейруттегі портта жарылыс болып, айналаны тып-типыл етті.