Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бейруттағы жарылыстан қаза тапқандар саны 137 адамға жетті. Бұл туралы Ливанның Денсаулдық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлады Al Jazeera телеарнасы.
Агенттіктің хабарлауынша, зардап шеккендер саны 5 мыңға жеткен. Ондаған адам хабар-ошарсыз кеткен. Бұған дейін 135 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.Еске сала кетейік, Бейрут теңіз портының қоймасында сейсенбі күні жойқын жарылыс болған еді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Президенті Мишель Аунмен сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтты.