Астана іргесіндегі Ақкөл қаласындағы бейнекамералар адамды бет-жүзінен таниды. Шаһар түгел цифрландырылған. Бұл туралы "Хабар 24" хабарлады.
Енді бұл тәжірибе ел бойынша енгізіледі. Ақкөлде осы тақырып төңірегінде жиын өтті. Оған барлық облыс пен қала әкімдерінің орынбасарлары қатысып, цифрлық технологиялармен танысты.Smart Aqkol жобасының платформасы жасанды интеллектіге негізделген. Соның арқасында ауа райының өзгеруі, ауаның ластануы, тұрғын үйлердің ішіндегі температура, тіпті ауруxанаға xалықтың қаншалықты көп келгенін бақылап отыруға мүмкіндік бар.