Бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар саны нақтыланып жатыр – Президент

10 Қаңтар 2022, 14:41
1498
Бөлісу:
Бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар саны нақтыланып жатыр – Президент

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында мәлімдеді.  

Қазақстандық күш құрылымдары жағдайды өз бақылауына алып, қысқа мерзімде шабуылдаушыларға тойтарыс бере алды. Өкінішке қарай, қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындар арасында адам құрбандары бар. Құқық қорғау органдарының 16 қызметкері қаза тапты. 1 300-ден астамы жарақат алды. Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар. Нақты саны анықталып жатыр, – деп айтты Мемлекет басшысы. 

Тоқаевтың айтуынша, республика бойынша 1 270 кәсіпкерлік субъектісі зардап шегіп, 100-ден астам сауда үйі мен банктер тоналды.

Полицияның 500-ге жуық көлігі зақыпданып, өртенді. Аса ірі материалдық шығын мөлшерін арнайы үкіметтік комиссия бағалайды. Мен лаңкестердің, соның ішінде шетелдік содырлардың тікелей қатысы барына сенімдімін. Қарақшылардың түнде мәйітханаларға шабуыл жасап, өлген сыбайластарының мәйітін алып кетуі кездейсоқ емес. Олар содырлардың мәйіттерін де ұрыс даласынан тікелей алып шықты. Бұл шығу тегі белгілі халықаралық лаңкестердің тәжірибесі. Олар іздерін осылай жасырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы