Бейбіт күннің батырлары: 2024 жылғы ұландықтардың ерлігі

31 Желтоқсан 2024, 20:28
394
Бөлісу:
Бейбіт күннің батырлары: 2024 жылғы ұландықтардың ерлігі
Фото: Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Күнделікті қызметтік-жауынгерлік міндеттерін орындау барысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жоғары кісібилікті ғана емес, сондай-ақ ең қиын сәттерде адамдарға көмек қолын созуға дайын екендіктерін көрсетуде. Ұландықтардың батылдығы мен жанқиярлығының арқасында күн сайын адамдардың өмірді сақтап, қайғылы оқиғалардың алдын алуда. Сіздердің назарларыңызға 2024 жылғы Ұлттық ұлан әскери қызметшілердің жасаған ең жарқын ерлік оқиғаларын ұсынамыз, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқыны кезіндегі құтқару

Ефрейтор Нұрбол Аскап 2024 жылдың 21 сәуірінде полиция департаментінің қызметкерімен бірге Орал қаласының саяжай алаптарының бірінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша өз міндетін атқарған. Сағат 10:30 шамасында әскери қызметшілер бақылауындағы аумақта уақытша бөгет жарылып, маңайды су басады. Осы жағдайға байланысты олар адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіруді бастады. Осы кезде 60 жастағы ер адам су құрсауында қалып қойды. Бірақ үйлесімді іс-әрекеттің арқасында қарт адамды судан аман-есен алып шықты.

Оның табиғи апат кезіндегі әрекеті назардан тыс қалмады. ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Нұрбол Асқапты «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапаттады.

Қызметтегі ерлік үлгісі

Осы жылдың 18 наурызында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөлімінің әскери қызметшісі подполковник Денис Шемет Өскемен қаласындағы әскери-оқу орталығында ерлік жасады. Тәжірибелік жаттығулар кезінде ұландықтардың бірі РГД-5 жауынгерлік гранатасын жеткілікті күшпен лақтыра алмай, қол гранатасы оның аяғына құлады. Жылдам әрі батыл әрекет еткен Денис Шемет гранатаны аяғымен теуіп қауіпсіз жерге лақтырды да, сарбазды денесімен жауып қалды.

Жарылыстан ұландық аман қалды, бірақ офицердің өзі сынық жарақаттарын алды. Ауыр жарақаттарға қарамастан, Денис Шемет өзінің әрекетін тек өз борышын өтеу деп санайды. Оның бұл ерлігі жанқиярлық пен батылдықтың жарқын үлгісі болды.

Ұлттық мереке – Республика күнінің қарсаңында өскемендік подполковник Денис Шемет Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын»орденімен марапатталды.

Үлбідегі батылдық

Еңбек демалысында жүрген 6699 әскери бөлімінің әскери қызметшісі ефрейтор Жанасбек Пермабек ерекше батылдығымен көзге түсті. Өскемен қаласындағы Үлбі өзенінің жағасында серігі Дәурен Тоқтағановпен бірге серуендеп жүрген сәтте көмек сұрап айқайлаған дауыс естіді. Бұл дауыс өзен ағынында батып бара жатқан қыз балаға тиесілі еді.

Еш ойланбастан, Жаңасбек қатты ағысқа қарамастан суға сүңгіп, қызды жағаға шығарып, өмірін құтқарып қалды. Оның әрекеттерінің арқасында қыз қайғылы Тағдырдан құтылды.

Осы жанқиярлық әрекеті үшін ефрейтор Жанасбек Пермабек III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталып, батылдық пен өз борышына адалдықтың үлгісіне айналды.

Костромада офицер баланы құтқарды

8 маусым күні кешкілік уақытта Ресей Федерациясының Кострома қаласында оқуда жүрген ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшісі подполковник Жандос Нұрахметов сал ауруына шалдыққан баланы терезеден құлап кетуден аман алып қалды. Терезенің алдында тұрған баланы байқаған офицер екінші қабатқа көп қабатты үйдің сыртқы бөлігімен көтеріліп, баланы пәтерге ішіне кіргізді. Батылдығы мен қырағылығы үшін подполковник Жандос Нұрахметов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары –Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының құқығымен «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қатерлі қадамнан арашалады

3 шілдеде қаланы патрульдеу кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 бөлімінің әскери қызметшілері көпірде тұрған қызды байқап қалды. Ол көпір қоршауының артында тұрып, төмен секіремін деп қорқытты. Оқиға орнына әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Раулан Өтебаев пен патрульдеушілер қатардағы жауынгер Арыстанбек Анарбай және Дулат Ауғанбаевпен бірге келді.

Әскери қызметшілер қызды секірмеуге көндіре бастады, өтіп бара жатқан адамдар да оны қатерлі қадамнан бас тартуға көндіруге тырысты. Оңтайлы сәтте оны ұстап алып, көпірден түсірді.

Көрсеткен ерлігі үшін әскери қызметішлер ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары –Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының құқығымен «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

Есіл өзеніндегі құтқару

2 қазан күні кешкі сағат 22:00 шамасында 5573 әскери бөлімінің әскери жасағынан жергілікті тұрғын көмек сұрады, ол Есіл өзеніне көпірден жас қыз секіргенін хабарлады.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Нариман Мырзахметов патрульдеуші қатардағы жауынгерлер Дамир Мұқашев пен Давид Корсуновпен бірге кезекшіге рация бойынша баяндап, қызды құтқаруға асықты. Бірлескен іс-әрекеттердің нәтижесінде қызды судан шығарып үлгерді. Жедел жәрдем келгенге дейін олар оған алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Патрульдік-бекеттік қызметін атқару кезінде көрсеткен ерлігі үшін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков қатардағы жауынгер Нариман Мырзахметовті «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен, ал патрульдеуші қатардағы жауынгер Дамир Мұқашев пен Дэвид Корсуновқа «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгілерімен жеке өзі марапаттады.

Түркістанда үш жасар балаға шұғыл көмек көрсетілді

Түркістанда 3 қарашада ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ұстамасы болған үш жасар қыздың өмірін сақтап қалды.

Сержант Жанболат Дүйсенбай мен қатардағы жауынгер Нұрболат Сейсенбеков қызға дәрігерлер келгенге дейін қажетті көмек көрсетті. Кейінірек құтқарылған қыздың ата-анасы 6506 әскери бөлімнің жедел 3 батальонының әскери қызметшілеріне батылдығы мен ерлігі үшін жеке алғыс айту үшін келді.

Шұғыл көмек көрсеткені үшін әскери қызметшілер ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары –Ұлттық ұланның Бас қолбасшысының құқығымен «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

Қорытынды

Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің бұл ерлік үлгілері олардың жоғары жауапкершілігін, батылдығын және ең қиын жағдайларда көмекке келуге дайын екендіктерін айқын көрсетеді. Бұл ерлік әрекеттердің әрқайсысы әскери қызметшілердің өз міндетіне адалдығының белгісі.

Өзгелердің жаңалығы