Бейбіт Қорған: Балаға қуаныш сыйлаудың өзі – бақыт

26 Ақпан 2019, 13:09
4758
Бөлісу:
Бейбіт Қорған: Балаға қуаныш сыйлаудың өзі – бақыт

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының орталығында еліміздің эстрада әншісі Бейбіт Қорған балалар мен қала тұрғындарына қайырымдылық концертін өткізді.

ҚР Ішкі істер министрлігінің «Бақытты балалық шақты қорғау» акциясы аясында ұйымдастырылған концертке Талдықорғандағы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері, жасөспірімдерді бейімдеу орталығының балалары, мектептегі кадеттер мен оқушылар қатысты.

«Жастар жылының» құрметіне еліміздің барлық қалаларында «Бақытты балалық шақты қорғау» атты қайырымдылық концерттерін ұйымдастыру туралы Ішкі істер министрлігі тарапынан ұсыныс түсті. Мен бас тарта алмадым, өйткені балаға қуаныш сыйлаудың өзі – бақыт. Бұл эстафетаны өнердегі өзге де әріптестерім қолдайды деп ойлаймын. Балалардың қабағын кірбің шалмасын, олар бақытты болсын!»,- деді жастардың сүйіп тыңдайтын әншісі Б.Қорған.

Концерт барысында Сүйінбай атындағы облыстық филармония әншілері мен кадет сыныбының тәрбиеленушілері өз өнерлерімен тәнті етті. Өз кезегінде, облыстық Полиция департаментінің басшылығы балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйланған әншіге алғысын білдіріп, бағалы сыйлығын тарту етті.

«Керемет іс-шара болды. Сүйікті әншіміздің қасында тұрып, сахнада бірге ән айтуға мүмкіндік алдық. Суретке түстік. Осындай концерттен кейін шабытымыз артқандай болды. Өскенде мен де Бейбіт ағам сияқты әнші боламын»,- деп ағынан жарылды концертке келген балалардың бірі.
Өзгелердің жаңалығы