Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бесасықтан әйелдер құрамасы финалға шықты

Әсел ӘБІЛБЕК
10 Қыркүйек 2024, 14:43
907
Бөлісу:
 t.me/worldnomadgames2024
Фото: t.me/worldnomadgames2024

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы ақтық сынға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Алау" мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан жарыста ұлттық құрама спортшылары жарыстың екінші күні де қарсыластарынан басым түсті.

Бүгін А тобындағы Швеция және Румыния ұлттық құрамаларының асықшыларымен кездесу өткізіп, екеуін 3:0 есебімен жеңді. 

Осылайша, Қазақстан А тобында бірде-бір жеңіліссіз топтық кезеңді 12 ұпаймен аяқтады. 

Финалдық ойында отандық асықшылар Ресей спортшыларына қарсы ойнайды.

Өзгелердің жаңалығы