Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Берлинде митингіден кейін 18 адам ұсталып, полиция қызметкерлері зардап шекті

Кеше, 20:45
325
Бөлісу:
 Х әлеуметтік желісінен
Фото: Х әлеуметтік желісінен

Германия астанасы Берлинде сенбі күні өткен демонстрациядан кейін қоғамдық тәртіптің бұзылуына байланысты 18 адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Берлин полициясының X әлеуметтік желісінде мәлімдеуінше, тәртіпсіздіктер солшыл радикалды көзқарастағы белсенділер ұйымдастырған акция кезінде Фридрихсхайн ауданында болған. Оқиға салдарынан сегіз полиция қызметкері зардап шеккен.

Ұсталғандар қоғамдық тәртіпті бұзды, антиконституциялық ұйымдардың символикасын қолданды, сондай-ақ жарылғыш заттар туралы заң талаптарын бұзды деген күдікке ілінген.

Құқық қорғау органдарының дерегінше, митингке шамамен мыңға жуық адам қатысқан, қауіпсіздікті 500-ге тарта полиция қызметкері қамтамасыз еткен. Түнге қарай жағдай ушығып, акцияға қатысушылар агрессия танытып, полицияға бөтелке мен петарда лақтырған, сонымен қатар тыйым салынған ұйымдардың ұрандарын айқайлаған.

Өзгелердің жаңалығы