Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

9 Шілде 2021, 10:07
3470
Бөлісу:
Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берік Уәли республикалық «Құсбегілік» федерациясының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы  Ұлттық спорт қауымдастығы баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық «Құсбегілік» федерациясының басшылық құрамына өзгерістер енді.

Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, республикалық «Құсбегілік» федерациясының президенті – ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті болып Берік Уәли тағайындалды.

Берік Уәли 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары – баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестиция және даму министрінің кеңесшісі – департамент директоры болған. 2018-2019 жж. – Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасы басшысы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта Берік Уәли – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы «Жамбы ату» федерациясының президенті болып Нұрлан Әметов тағайындалды. Нұрлан Әметов 1969 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Кәсіпкер, меценат.
Өзгелердің жаңалығы