Берік Имашев Тоқаевқа президент куәлігін берді

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан&nbsp; Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа куәлік табыс етті.</h4>

12 Маусым 2019 2019, 11:30
 BAQ.KZ  12 Маусым 2019 2019, 11:30
12 Маусым 2019 2019, 11:30
3681

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада өтіп жатқан  Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа куәлік табыс етті.

"Елімізде өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті. Сайлау қорытындысы бойынша, сізге президент куәлігін табыс етуге рұқсат етіңіз", – деді Берік Имашев. 

Айта кетейік, 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында "Nur Otan" партиясы атынан түскен Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70, 96 % дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын. 

Еске салайық, Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасының Президенті бес жыл мерзімге сайланады.
Наверх