Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалсын, -делінген хабарламада.
1971 жылы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тарих мамандығы бойынша бітірген.
1988 жылдан - Қарағанды балалар кітапханасында кітапханашысы.
1994 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері,
1995 жылдан - бөлім меңгерушісінің м.а.,
1997 жылдың қаңтарынан - институт директорының орынбасары,
1997 жылдың наурызынан - ҚР Баспасөз және бүқаралық ақпарат істері жөніндегі ұлттық агенттігінің Бұқаралық ақпарат құралдары, сараптамалық-талдау жұмысы және баспасөздегі заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары,
1997 жылдың қарашасынан - ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Талдау, жоспарлау және реформаларды насихаттау басқармасының бастығы,
1998 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары,
1999 жылдан - ҚР Қауіпсіздік кеңесі Талдау орталығы мөңгерушісінің орынбасары,
2000 жылдан - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары,
2001 жылдан 2002 жылға дейін - Теміртау қаласы әкімінің орынбасары,
2002 жылдан - Ұлттық зерттеулер институтының директоры,
2003 жылдан - «Ақ жол» ҚДП Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, бірінші орынбасары,
2004 жылдан - «Саяси білім беру қоры» Қоғамдық қорының президенті,
2005 жылдан - «Атамекен» Қазақстанның кәсіпкерлері мен жүмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» ЗТБ атқарушы директорының кеңесшісі,
2006 жылдан - «Атамекен» ұлттық даму орталығы» ЖШС директоры,
2006 жылы маусым-тамыз - Украинаның Киев облысына қарасты Вышгород қаласының мэрі кеңесшісі,
2007 ж. - Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының төрағасы,
2007 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы,
2008 жылдың наурызынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары,
2008-2010 жж. – «Мемлекеттік тілдің дамуы бойынша Президент қоры» қоғамдық қорының директоры,
2009-2012 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі,
2010 жыл. – Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы әкімі,
2010-2012 жылдары – Қарағанды облысы Жезғазған қаласының әкімі,
2012 ж. – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Бірінші вице-премьердің кеңесшісі,
2012-2013 жж. – Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі,
2013 ж. – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары,
2016 жылдан –ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, директоры кеңесшісі, бас ғылыми қызметкері,
2017 жылдың мамырынан – «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі. ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі,
2019 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Респбубликасы Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі,
2019 жылдың қаңтарынан - «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы,
2019 жылдың қазанынан Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы әкімі,
2020 жылдан бері ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.