Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы әкімінен қайта алынған тест теріс нәтиже көрсетті, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жұма, 19 маусым күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев коронавирустық инфекцияның диагностикалау хаттамасына сәйкес 7 күндік мерзім өткеннен кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. COVID-19-ға қайта алынған ПТР-зерттеу нәтижелері екі рет теріс нәтиже көрсетті. Облыс әкімі кестеге сәйкес жұмысын жалғастыруда, - делінген ведомство ақпаратында.