Бензин қымбаттады: Ұшақ, пойыз билеттері мен такси бағасы қалай өзгереді

Бөлісу:
Бензин қымбаттады: Ұшақ, пойыз билеттері мен такси бағасы қалай өзгереді
Фото: BAQ.KZ архив

Көлік министрі Марат Қарабаев бензиннің қымбаттауы нарыққа қалай әсер ететінін түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бензиннің қымбаттауы және алда қосымша құн салығының өсуі әуе, пойыз, такси қызметінің құныны, автобус билетінің бағасына қалай әсер етеді? – деп журналистердің ведомствоның болжамын сұрады.

Қарабаевтың айтуына қарағанда, әуе керосині бұрыннан нарықтық бағамен жүреді. Сондықтан (бензиннің қымбаттауы – ред.) оған ешқандай әсер етпейді.

Пойыз билетінің бағасын мемлекет реттейді. Сол себепті пойыз билетінің құнын көбейтуді жоспарлап отырған жоқпыз. Ал такси қызметі бойынша, жанармай нарыққа беріліп жатыр. Оны (бағаны – ред.) нарық айқындайды. Қазір де такси қызметінің бағасы нарықта. Яғни оны мемлекет реттемейді. Бірақ күні кеше өзін-өзі реттеу туралы заң жобасында осы мәселені талқыладық. Заң жобасы шеңберінде алпауыт интернет агрегаты мен такси жүргізушілері өзара келісімге келсе болады. Мысалы, 1 шақырым жол қанша теңге болады немесе агрегаттардың пайызын келісе алады, - деп түсіндірді Көлік министрі Үкіметте өткен брифингте.

Еске сал кетейік, 2026 жылы автожолға қатысты жаңа платформа іске қосылады. 2025 жылы 13 мың шақырым жол жөнделетіні туралы осыған дейін жаздық. Ал 2 жылдан кейін Қазақстанның барлық жолында интернет болады.

Өзгелердің жаңалығы