Бензин қоры жеткілікті – Энергетика министрлігі

25 Қыркүйек 2023, 19:26
687
Бөлісу:
Бензин қоры жеткілікті – Энергетика министрлігі
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Елімізде бензиннің жеткілікті қоры бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Елде бензиннің жеткілікті қоры бар. Авиациялық бензин шамамен 2 айға, АИ-92 бензині 2 айдан аса уақытқа, дизел отынының қоры нақты 36 күнге, АИ-95 бензині шамамен 24 күнге жетеді. Отандық мұнай өңдеу зауыттары да өнімді өндіруін жалғастырады, - деп түсіндірді ведомство басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін вице-министр ел аумағында АИ-95 бензинінің қорына тоқталған болатын. Сөзінше, алдағы бір-екі айда елдің қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге жеткілікті.

Өзгелердің жаңалығы