Бенинде мемлекеттік төңкеріс болды

Бенинде әскерилер билікті басып алып, президент Патрис Талонды қызметінен шеттетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

 Anadolu Agency 7 Желтоқсан 2025 2025, 15:49
7 Желтоқсан 2025 2025, 15:49
471
Фото: Anadolu Agency

Бенинде әскерилер билікті басып алып, президент Патрис Талонды қызметінен шеттетті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Бениннің мемлекеттік телерадио хабар тарату корпорациясының эфирінде мәлімдеді.

Хабарламада айтылғандай, елдегі бүкіл билік тізгінін подполковник Тигри Паскаль жетекшілік ететін әскери комитет өз қолына алды. Әскерилер барлық мемлекеттік билік органдарының таратылғанын жариялады.

Талонның қазіргі уақытта қай жерде екені белгісіз.

Сонымен қатар мәлімдемеде Бенинде мемлекеттік төңкеріс президенттік сайлау қарсаңында болғаны айтылған. Елде сайлау 2026 жылдың 12 сәуірінде өтуі тиіс еді.

Наверх