Белсенді азаматтар ардагерлерді құттықтады

6 Мамыр 2020, 21:07
1792
Бөлісу:
Белсенді азаматтар ардагерлерді құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жеңіс күні қарсаңында Nur Otan партиясының елордалық "Бірлік" филиалы белсенді азаматтары мен жастары "Шапағат" әлеуметтік көмек көрсету орталығында тұратын қос ардагерді құттықтап шықты.


Осы мекеменің құрметті мекендеушілері Раиса Егоровна Сафоничева мен Олег Иванович Линникті құттықтау, сыйлақтар мен гүлдерді табыстау, алғыс айту рәсімдері барлық қауіпсіздік талаптары мен карантин ережелеріне сәйкес атқарылып, қашықтықта өтті. 

Раиса Егоровна соғыс басталғанда небәрі жетінші сыныптың түлегі еді. Әскери зауыдта қызмет етіп, танктер мен әскери жабдықтарды бояп майданға көмек көрсетті. Түнімен үйлердің шатырларында кезекшілікте тұрып фугастарды сөндіріп жүрді. Жарақаттанған жандарға қан тапсырды. Кейін Мәскеуде байланысшы курсын аяқтап 1943 жылы майданға ерікті болып кетеді. Ол кезде жасы 18-де. Соғыстан кейін құрылыста жұмыс істеп, елдің еңсесін көтеруге елеулі үлес қосты. 

Олег Иванович Линник майданға 1943 жылы өзіне жас қосып барады. Ол кезде 15 жастағы бозбала. Житоморда алдыңғы шепте соғысып басынан жарақаттанады. Госпиталда шын жасы анықталып тылға жіберіледі. Краснодарға келген бойда анасының қайтыс болғанын біледі. Сөйтіп танкерге юнга болып әскери барышын өтейді.
Сөз алған ақсақал "Мына сыйлықтарыңа рахмет, алайда ең бастысы келіп, көңілдерімізді көтеріп, елеп-ескеріп тағзым етіп отырғандарыңа мың алғыс" деп, көзіне жас алды.
Келген азаматтар атынан Сартбаев Бауыржан және Шантаев Дәулет мырзалар барлық әріптестер мен замандастар және жастар атынан ашық аспанымыз бен отан үшін жасаған ерліктері үшін иіліп рахмет айтты.
Өзгелердің жаңалығы