Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Белградтағы наразылық: елуге жуық полиция қызметкері жарақат алды

30 Маусым 2025, 08:33
464
Бөлісу:
 REUTERS/Marko Djurica
Фото: REUTERS/Marko Djurica

Сербия астанасы Белградта өткен жаппай наразылық акциясы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Сербия полициясы директорының көмекшісі Деян Луковичтің мәлімдеуінше, тәртіпсіздік салдарынан 48 полиция қызметкері жарақат алып, 77 адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталған, деп хабарлайды BAQ.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Наразылық кезінде қатысушылар түтін шашатын заттар мен түрлі қауіпті құралдарды қолданған. Қақтығыс барысында үш полиция көлігіне зақым келді. Құқық қорғау органдары 35 қылмыстық және 22 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі бойынша хаттама толтырған.

Денсаулық сақтау мекемелеріне наразылықтан кейін 22 адам жүгінген. Екі адамның жарақаты ауыр деп бағалануда.

Полиция оқиғаға қатысы бар тұлғаларды анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Тергеу прокуратура және қауіпсіздік қызметімен бірлесіп жүргізілуде.

Айта кетейік, бұл митинг Видовдан күні – серб халқының ұлттық сана-сезімі мен батырларын еске алу күніне орай ұйымдастырылған. Аталған шараға кемінде 36 мың адам қатысқан. Олар алаңға университет туын, Сербия байрағын алып шыққан, ысқырып, билікке қарсы талаптарын білдірген.

Өзгелердің жаңалығы