Белград мұнарасында еліміздің көк байрағы бейнеленді. Биіктігі 168 метр болатын бұл мұнара 15 қазан күні ашылған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Борт N1 Telegram-каналы хабарлады.
Сербия – Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі серіктестерінің бірі. Белградта Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан делегациясын ерекше құрметпен қарсы алды. Сербия астанасының символына айналған "Белград мұнарасында" еліміздің көк байрағы бейнеленді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, 18 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен барғанын хабарлаған едік. Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды.