Бельгия электронды темекіге тыйым салды

1 Қаңтар 2025, 04:25
189
Бөлісу:
Бельгия электронды темекіге тыйым салды
Фото: pixabay.com

Бельгия электронды темекі сатуға тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Apnews.com сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, тыйым 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Бельгияның денсаулық сақтау министрі Франк Ванденбруке тыйымды азаматтардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғауға деген қамқорлықпен түсіндірді.

Негізгі себеп – бұл құрылғының жасөспірімдердің арасында кең танымалдылығы және қауіпті қалдықтардың түзілуіне себеп болуы.

Сондай-ақ билік жасөспірімдер арасында никотинге тәуелділікті қысқартуды міндет еткен.

Бірреттік электронды темекі – бұл жаңа тұтынушыларды тарту үшін ғана жасалған өнім, - деп атап өтті ол.

Айтуынша, электронды темекіде никотин көп.

Никотин оған деген тәуелділікті тудырады. Ол денсаулыққа өте зиян, - деді Ванденбруке.

Темекі бірреттік болғандықтан пластик, батарейка мен микросхемалар қоршаған ортаға орасан зор зиян келтіреді.

Өзгелердің жаңалығы