Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

4 Сәуір 2019, 15:16
2589
Бөлісу:
Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

Қазақстан Президенті Белгісіз жауынгер бейітінің жанындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырлардың рухына тағзым етті. 

Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

Рәсім соңында Мемлекет басшысы Құрмет қарауылының сап түзеп өткен салтанатты маршын көрді.

Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

Александр бағындағы Мәскеу Кремлінің қабырғасын бойлай орналасқан «Белгісіз жауынгер бейіті» Мемориалдық сәулет кешені Мәскеу үшін соғысқан жауынгерлердің құрметіне 1967 жылы салынды. 

Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

Кешенге Ресей мәдени мұрасының нысаны, сондай-ақ, Жалпыұлттық әскери даңқ мемориалы мәртебесі берілген.

Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

Бұған дейін ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шәукенова ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Президенті ретіндегі алғашқы сапары неге Ресейден басталғаны туралы пікір білдірді.

Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

Үлкен Кремль сарайында Қазақстан мен Ресей Президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кездесті. Келіссөз барысында қос елдің көшбасшылары саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптағы мәселелерді талқылады. Кездесу соңында президенттер бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді.

Тоқаев Белгісіз жауынгер бейітіне гүл шоғын қойды

Өзгелердің жаңалығы