Белгілі тарихшы, археолог өмірден өтті

27 Наурыз 2021, 19:40
3051
Бөлісу:
Белгілі тарихшы, археолог өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.KZ. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәйден Жолдасбайұлы 85 жасында дүниеден өтті. 

Сәйден Жолдасбайұлы 250-ден астам қыстау қонысында қазба жүргізді. 

Жинақталған үлкен материалдар негізінде монографиялық зерттеу жазып, 1996 жылы докторлық диссертация қорғаған.

Ғалым мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған көптеген оқулықтың авторы. 2003 жылдан бастап Сығанақ археологиялық экспедициясын басқарып, Отырардан кейінгі Қазақстандағы аса құнды нысанада зерттеулер жүргізген. 

Аталған зерттеулер «Мәдени мұра» бағдарламасының қатарына еніп, үлкен нәтижелер беруде. 10 монография, 34 оқулық және 300-ден астам ғылыми, ғылыми-көпшілік мақала авторы.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің  2009-2013 жылдарға жариялаған мемлекеттік «Мәдени мұра» гранты бойынша «Мәдениет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы аясында «Ортағасырлық Сығанақ қаласы» ғылыми жоба бойынша Сығанақ қаласында қазба жұмыстарын, Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің 2012-2014 жылдарға арналған «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі ежелгі және ортағасырлық археологиялық ескерткіштерінің сабақтастығы» атты жоба бойынша зерттеу жұмыстарын және «Қызылорда облыстық Мәдениет басқармасының Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі гранты бойынша 2014 жылы «Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданындағы ортағасырлық Сығанақ қалашығына археологиялық қазба және зерттеу жұмыстарын жүргізу» атты ғылыми жоба бойынша археологиялық зерттеулер жүргізген. 

1958-1963 жылдары С.М.Киров Қазақ атындағы мемлекеттік университетін «тарих-қоғамтану» мамандығы бойынша бітірді.

1968-1971 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының аспирантурасы.

1972-1975 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

1975 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының (Алматы қ.) мамандырылған ғылыми кеңесінде «Археология» мамандығы бойынша тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу мақсатында «ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті» тақырыбы бойынша диссертация қорғаған.

1976 жылы КСРО-ның Жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімімен «Археология» мамандығы бойынша тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесінде бекітілді.

1976-1978 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Президиумы шешімімен «археология» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы берілген.

1979-1980 жылдары қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетінде Қазақ ССР тарихы кафедрасында ұстаздық қызмет атқарды.

1981-2002 Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік ұлттық университетінде Тарих факультетінде «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы» кафедрасында ұстаз болды. 

1986 жылы СССР Министрлер Советінің жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімі бойынша «доцент» ғылыми атағы берілді. 

1997 жылы Қазақ Ғылым Академиясының Археология институтының (Алматы Қ.) мамандырылған кеңесінде Археология және Отан тарихы мамандығы бойынша өтіп, Ш.Уәлиханов атындағы «тарих, этнология» институтының докторлық кеңесінде доктор атағын алу үшін «Жетісу аймағындағы елді мекендер мен тұрақ-жайлардың даму тарихы және олардың экономикалық тиімділігі (ХVI-XVIIIғғ.)»  тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 

2002 жылдан осы күнге дейін Ахмед Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жұмыс атқарды. 

Осы университеттің тарих факультетінің «археология және этнология» кафедрасының меңгерушісі, археология ғылыми-зерттеу орталығының директоры, «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының» академигі болды. 

Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Археология және этнология» кафедрасының меңгерушісі болып, осы күнге дейін университеттің археология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметінде болды.

Өзгелердің жаңалығы