Белгілі режиссер Фархад Молдағали арнайы сыйлыққа ие болды

Бүгiн, 10:42
218
Бөлісу:
Белгілі режиссер Фархад Молдағали арнайы сыйлыққа ие болды
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Фархад Молдағали «Звезды содружества» арнайы сыйлығының иегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі әрі режиссері Фархад Молдағали ТМД мемлекеттерінің XVII шығармашылық және ғылыми интеллигенциялар форумы аясында «Звезды содружества» арнайы сыйлығына ие болды. 

Беделді марапат Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымдастырған «Содружество дебютов» халықаралық марапаттау рәсімінде табысталды. 

Фархад Молдағали – белгілі режиссер, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 

Мәдениет және өнер саласындағы жетістіктері үшін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының иегері. 

2017 жылдан бастап, «StarTDrama» театр лабораториясының негізін қалаушы әрі жетекшісі. 

Фархад Молдағалиды жеңісімен құттықтай отырып, шығармашылығына шалқар шабыт тілейміз!, - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы