Белгілі кардиохирург Серік Бекбосынов өмірден озды

20 Шілде 2021, 16:09
3602
Бөлісу:
Белгілі кардиохирург Серік Бекбосынов өмірден озды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізге белгілі кардиохируг Серік Темірханұлы Бекбосынов 41 жасында қайтыс болды. Бұл туралы кардиохирургия орталығы Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Орталық мәліметі бойынша, Серік Темірханұлы - №2 кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі және жүрек-қан тамырлары хирургиясы саласындағы үздік мамандардың бірі болды.

Ол жүректің жасанды сол қарыншасын имплантациялау бойынша операция жасаған әлемдегі ең жас кардиохирург ретінде Қазақстан кардиологтары қауымдастығымен марапатталған.

«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгісімен және Ұлттық награда - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Әріптестер мен пациенттер оны мейірімділік пен кәсібилігі үшін жақсы көрді және құрметтеді. Жүрек орталығының ұжымы Серік Темірханұлының туған-туыстарына, жақындары мен достарына шын жүректен көңіл айтады. Ол туралы жарқын естеліктер біздің жүрегімізде мәңгі қалады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы