Белгілі гинеколог ем іздеген әйелдер қалай алданатынын айтты

27 Сәуір 2021, 18:32
3997
Бөлісу:
Белгілі гинеколог ем іздеген әйелдер қалай алданатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық акушер-гинеколог Әйгерім Төреқұлова кейбір дәрігер ойға қонымсыз ем тағайындап, әйелдерді қалай алдап соғатынын айтты. 

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.

Біріншіден ол түсік тастау, аборт, дамымаған жүктілікке қатысты қалыптасқан пікірлерді жоққа шығарды. 

Ішке бітіп, кейіннен түсіп қалған баланы жатырға қайта салу мүмкін емес нәрсе. Сондай-ақ дамымай қалған жүктілікті түрлі дәрумен ішу арқылы, физиотерапия немесе массаж арқылы қайта жандандырып жібере алмайсыз. Өкінішке қарай, көбінесе оны сізді тыныштандыру үшін және сізден ақша «тарту» мақсатында жасалынады, - дейді акушер.
Бұдан бөлек ол әйелдердің жыныс ағзасын лазер арқылы жасарту жөнінде айтты.
Қынапты лазер арқылы жасартуға көбінесе операциядан қорқатын адамдар, сонымен қатар ұзақмерзімді әсер бермейтінін біле тұра қанша болса да төлеуге дайын пациенттер жүгінеді. Кіші жамбас ағзалары, яғни жатырдың төмен түсуі мазалайтын болса, бұл жағдайда тек операция көмектеседі. Сосын спорт пен алдын алуға бағытталған шараларды да ұмытпау қажет, - дейді ол.
Соңғы кезде «аналықбез жастығын сақтап қалады» деген желеумен түрлі әдістер қолданылып келеді.
Аналық жасушаның физиологиялық «өз-өзін жою» процесін тоқтатын және керісінше олардың санын көбейтетін дәрі-дәрмек болмайды. Тіпті құрама оралды контрацептивтердің (ҚОК) де оған шамасы жетпейді. Егер қазір бала көтеруді жоспарламасаңыз, бірақ кейін балалы болғыңыз келсе, аналық жасушаны «қатырып» қоюға болады, - деп атап өтті Төреқұлова.
Дәрігердің сөзінше, эрозияны емдеген кезде көп дәрігер қателесіп, күйдіру керек деп жатады.
Эрозияны міндетті түрде күйдіруге жіберетін нақты көрсетілімдер болады. Көп жағдайда дәрігерлер эктопияны эрозияға балап, күйдірмесе болмайды деп шорт кеседі, - дейді ол.

Бұдан бөлек гинеколог «спайкаларды» дәстүрлі емес тәсілдермен емдейтіндер туралы түсіндіріп өтті. 

Ішкі ағзалардың «спайкалары» май, тампон, сүлікпен емделмейді. Ол тек операциялық жолмен емделеді. Егер сізге жоғарыда аталғандардың біреуін ұсынса, ойланбастан ол дәрігерден кетіңіз. Сондай-ақ адам папилломасы вирусының (ВПЧ) да емі жоқ. Яғни арнайы ем жасалмайды. Тіпті иммуномодуляторлар арқылы да емделмейді. 20, 30, 40 күндік курспен дәрумен қабылдау арқылы да вирустан емделе алмайсыз, - деді ол.

Оның айтуынша, егер дәрігер 3 және одан да көп парақ ұсыным жазып берсе, гинекологтан «менің дертім өте ауыр ма? Маған не болды?» деп сұрау қажет. Егер нақты жауап ала алмасаңыз, ұсынымның қаншалықты дұрыс екеніне күмәнданғаныңыз жөн.

Өзгелердің жаңалығы