Белгілі экономист ақша аударымдарын тіркеуге қатысты пікірін білдірді

20 Ақпан 2021, 18:04
2031
Бөлісу:
Белгілі экономист ақша аударымдарын тіркеуге қатысты пікірін білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы экономист, экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жұбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

Қаржы министрлігінің табыстар комитеті ұялы телефонмен ақша өткізулер арқылы кәсіпкерлік төлемдерді есепке алуды ұсынып, бизнестің табыстарын салыққа салу мәселесін көтерді. Расын айтқанда, бұл бар мәселе. Егер өз таныс-туғанына ақша аударсаң, ешқандай есепке де, салыққа да алынбайды. Мәселе, Нартай Аралбайұлы айтқандай «Мәселе мақұлмен емес, ақылмен шешілуі керек», - деп жазды ол.

Оның айтуынша, дүкендердегі бизнестік ақша өткізулердің есепке алынуы - заңды нәрсе. 

Ал дүкенде телефонмен ақша өткізу (Перевод) төлем (Платеж) емес. Төлем жасасаң, саған түбіртек (чек) береді, есепке алынады. Одан 3 пайыз ғана салық есептеледі. Соның өзі Қазақстанда 3 жылға, яғни 2020-2022 жылдарға азат етілген. Сондықтан 1-2 жылда бұл мәселе ақылмен шешілуі тиіс, береке тапқырлар!, - деп қорытындылады Жұбаев. 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ақша аударымдарын фискализациялау кімдерге қатысты екені айтылды.
Өзгелердің жаңалығы