Астанада Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Саммитте Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүше болды.
Бүгін Астанадағы саммитте ұйымның кеңеюіне байланысты маңызды шешім қабылданады. Осыған орай Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенконы қош келдіңіз дегім келеді. Сіздің еліңіз қысқа уақыт ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына толыққанды мүше болу жолында барлық қажетті процедураны орындады, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент отырысты Беларусь Республикасын ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер қатарына қосу туралы құжатқа қол қою рәсімінен бастауды ұсынды.
ШЫҰ мүше мемлекеттер басшылары құжатқа қол қойып, шешім қабылдады.
Осылайша, саммитте Беларусь Республикасы ШЫҰ-ның ресми түрде мүшесі атанды.
Бұған дейін саммит алдында баспасөз орталығындағы атмосфераның қандай екені көрсетілді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер делегацияларының басшыларын қарсы алып жатқаны хабарланды.