Алматы, BAQ.KZ. Беларусь Республикасы қарыздарын қайта қаржыландыру үшін Ресейден 600 млн доллар несие сұрады. Бұл жайында аталған елдің Қаржы министрі Максим Ермолович журналистерге берген сұхбатында айтқан.
Оның айтуынша, Ресей әзірге несие бөлетіні жөнінде шешімді қабылдамаған.
«Біз Ресей Федерациясындағы әріптестерімізбен несие жөніндегі жобаны жасауда ынтымақтаса жұмыс істеудеміз. Бұл келісім бойынша барлық несие сомасын қайта қаржыландыруды көздеп отырмыз. Төлемдердің барлық мөлшері 600 млн долларды құрайды»,-деді Максим Ермолович.
Белорусь тарапының мәліметінше, РФ федералдық заңында 2019 жылғы бюджетті талқылау кезінде бұл несиелерді тағайындау жағы қарастырылған.
«Несиелік келісімді жасау жөніндегі біздің стандартты механизмге келер болсам оның барлығы жасалған. Тек Ресей үкіметі деңгейіндегі соңғы шешім қабылдау ғана қалды»,-деді ол.