Қостанайда Беларусь азаматынан вирус анықталды

29 Сәуір 2020, 11:39
1567
Бөлісу:
Қостанайда Беларусь азаматынан вирус анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Алматы, Шымкент қалаларында және Қостанай облысында індет жұқтырған соңғы науқастар жайлы хабарлады.

29 сәуір сағат 9.00 жағдайы бойынша Алматыда коронавирус инфекциясы анықталғандардың саны 919 құрайды. 

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, байланысқандардың ішінде ең үлкені – 1944 жылғы зейнеткер, ең жасы кішісі – 2 жастағы науқас.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда коронавирустық инфекциядан 809 пациент емделуде. Олардың үшеуінің жай-күйі аса ауыр, 26 адамда – ауыр, 228 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандары қанағаттанарлық деп бағалануда. Үш пациент тыныс алу жетіспеушілігіне байланысты ӨЖЖ аппаратында, олардың екеуі аса ауыр және біреуі ауыр халде,-делінген хабараламада.

Провизорлық госпитальдарда 426 адам жатыр, оның ішінде15-і бала, карантиндік оқшаулауда 304 адам, үй карантинінде 11694 азамат бар.

Шымкент қаласында вирус жұқтырған 5 ер азамат  және 1 азаматша  өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

Науқастардың барлығы Шымкент қаласының тұрғындары. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде - делінген хабарламада.

29.04.2020  жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 182 адам анықталды.

Қостанай облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы 2 адам туралы ақпарат.

Қостанай қаласында 1968 жылғы, Беларусь Республикасының азаматы ауруханаға жатқызылды. Ол халықаралық жүк тасымалдау көлігінің жүргізушісі, Польша ‒ Қазақстан бағыты бойынша Қостанай қаласына келген. Ресей Федерациясының шекарасын өткен кезде, "Қайрақ" автоөткелінде байланыссыз термометрия әдісімен тексерілді, дене қызуы қалыпты болған. Жүк түсіру орнына жеткенде ер адам әлсіздікті, денсаулығының нашарлауын сезініп, жедел жәрдем шақыртып, Тобыл қ. провизорлық госпитальіне жатқызылды. ПТР диагностикалық зерттеуінің нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды. Қостанай облысы аумағында жүргенде, сондай-ақ жүкті түсірген кезде жергілікті тұрғындармен байланыспаған - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Жітіқара қаласында 1978 жылғы ер адамда ПТР зерттеулері оның коронавирусты жұқтырғанын көрсеткен. Ер адам өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болған. Провизорлық госпитальден Жітіқара ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.

Екі жағдайда да бекітілген хаттамаға сәйкес ем шаралары қабылдануда. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

29.04.2020 жылғы сағат 09:10-дағы мәлімет бойынша өңірде COVID-19-ды жалпы 45 адам жұқтырған. 

Өзгелердің жаңалығы