Бельгиялықтар төрткүндік жұмыс аптасына көшуі мүмкін

8 Қазан 2021, 09:30
14876
Бөлісу:
Бельгиялықтар төрткүндік жұмыс аптасына көшуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бельгияда жұмыс берушілерге төрткүндік жұмыс аптасын енгізуге рұқсат берілмек. 

Бұл туралы Бельгияның Экономика және еңбек министрлігінің өкілі мәлімдеді, деп жазды Politico.

Коронавирустық дағдарыс біздің жұмысымызды түбегейлі өзгертті. Бұл жаңашылдықты енгізудегі басты мақсат - қызметкерлерге жұмыс аптасын ұйымдастыруда икемді жұмыс кестесін ұсыну, - деді ол.

Бұл ретте жұмыс сағаттарына өзгеріс енгізілмейтінін айта кеткен жөн. Қосымша демалыс алу үшін қызметкер күніне 9,5 сағат жұмыс істеуі керек. Оның өзіндік шарты бар: толық жұмыс күні аптасына 38-ден 40 сағатқа дейін құрауы тиіс.

Министрлік өкілінің айтуынша, Бельгияның жеті партиялық коалициялық үкіметінің арасында аталған ұсынысы бойынша бәтуаластық артуда. Федералды үкімет жауапкершілікті өз мойнына алғаннан кейін жаңашылдықты іске асырудың концепциясын құрмақшы.

Төрткүндік жұмыс аптасын ұсыну шарттарын өндіріс және кәсіподақ өкілдерін тарта отырып қарастырылатын болады. Тек содан кейін бұл жоспарды заң жүзінде ұсынуға болады.


Өзгелердің жаңалығы