Бектеновтың кандидатурасын үш партия қолдап, екі партия дауыс бермеді

6 Ақпан 2024, 15:12
772
Бөлісу:
Бектеновтың кандидатурасын үш партия қолдап, екі партия дауыс бермеді
Фото: Ақорда

Мәжілістегі партия фракциялары Үкімет басшысының лауазымына Олжас Бектеновтың кандидатурасына қатысты дауыс берді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та «AMANAT» партиясы ұсынған кандидатураны қолдады.

«AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Мәжіліс депутаттарын осы кандидатураны қолдауға шақырды.

Ал Қазақстанның халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов Олжас Бектеновтың кандидатурасына дауыс бермеді.

«Ақжол» партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перушаев да Олжас Бектеновтың кандидатурасын қолдайтынын жеткізді.

Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов Үкімет басшылығына ұсынылған кандидатурасына дауыс беруден бас тартты.

«Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров Олжас Бектеновтың кандидатурасын қолдады.

«Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Серік Егізбаев та Олжас Бектеновтың кандидатурасын қолдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.

5 қаңтарда Президент Қазақстан үкіметін отставкаға жіберген еді.

Өзгелердің жаңалығы