Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов орынбасары Серік Жұманғаринге бағаның өсуін тежеуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол бағаның өсуін тежеу Үкіметтің басым міндеті болып қала беретінін атап өтті.
Серік Мақашұлы, бұл мәселені күнделікті бақылауда ұстаңыз. Биыл біздің алдымызда инфляцияны 6-8% аралығында ұстап тұру міндеті тұр. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін сапалы орындау үшін барлық қажетті шешімдерді қабылдауға, оның ішінде барлық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс, - деп тапсырды Премьер-министр.