Бектенов: Қосымша құн салығын көтеру керек

28 Қаңтар 2025, 11:26
571
Бөлісу:
Бектенов: Қосымша құн салығын көтеру керек
Фото: BAQ.KZ архив

Премьер-министр Олжас Бектенов қосымша құн салығын арттыру қажетін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Негізгі салық жүктемесі еңбекақы төлеу қорына, яғни өзіндік құнға түседі. Тауар сөреге түскенге дейін де кәсіпкер салықтың көп бөлігін төлеуге мәжбүр. Үкімет еңбекақы төлеу қорына жүктемені оны сатуға ауыстыру арқылы азайтуды ұсынады. Ол үшін ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет, – дейді Бектенов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ Бектенов жанар-жағармай бағасы біртіндеп көтерілетінін айтты.

Нарықтық баға қалыптастыруға біртіндеп көшу осы салаларға қажетті инвестицияларды тартып, жанар-жағармай тапшылығы қаупінен арылуға мүмкіндік береді. Бағаның күрт өсіп кетуіне жол бермейтінімізді ерекше атап өткім келеді, – деді Олжас Абайұлы.

 

Өзгелердің жаңалығы