Үкімет басшысы Олжас Бектенов Перизат Қайраттың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен бұл жағдайдан хабардармын. Өкінішке қарай, өмір көрсетіп отырғандай, тек бюджет қаражаты ғана емес, азаматтардың қайырмалдықтары да мақсатсыз жұмсалып жатады. Мұның жарқын мысалдарының бірі – бұл жағдай. Бірақ бұл жалғыз мысал емес, басқа да жағдайлар бар. Бұл – ең даулысы шығар. Мұндай шығындарды бақылауда ұстау және ашық ету үшін осы механизмдерді заңнамалық тұрғыдан реттеу қажет. Құқық қорғау органдарының негізінде бізге нақты ұсыныстар беріледі деп ойлаймын, - дейді Олжас Абайұлы Үкімет баспасөз орталығында өткен брифингте.
Бектеновтың сөзінше, алдағы уақытта мұндай істердің алдын алу шаралары заңнамалық тұрғыда қолға алынуы мүмкін.
Айта кетейік, қазіргі кезде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты өтіп жатыр. Сот отырысында “Asar-Ume” қайырымдылық қорының басшысы куәлік етті.