Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бектенов өңдеу өнеркәсібін цифрландыруды күшейтуді тапсырды

2 Желтоқсан 2025, 13:47
283
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында отандық өндірушілерді қолдауды күшейтіп, өңдеу өнеркәсібін цифрландыруды жеделдетуді тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда өңдеу саласындағы кәсіпорындардың 20%-дан азы заманауи цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллектті қолданады. Ал Германия, АҚШ сияқты дамыған мемлекеттерде предиктивті мониторинг жүйелері жабдықты күтіп ұстау шығындарын 15%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Индустрия және жасанды интеллект министрліктеріне өңдеу кәсіпорындарында жасанды интеллектті енгізуге бағытталған жаңа жобаларды іске асыруды тапсырамын. Бұл, ең алдымен, жабдықты алдын ала болжау негізінде қызмет көрсету, өнім сапасын автоматты бақылау және өндіріс процесін оңтайландыруға қатысты, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр ұзақ мерзімді келісімшарттар мен оффтейк-келісімдер отандық өндірушілер үшін аса тиімді қолдау құралы екенін де атап өтті. Биыл қазақстандық кәсіпорындармен 879 осындай келісім жасалған. Бұл кәсіпорындарға өндіріс көлемін, шығындарын және даму бағыттарын сенімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Индустрия министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, келесі жылдың соңына дейін ұзақ мерзімді және оффтейк-келісімдердің жалпы санын кемінде 1 мыңға жеткізу тапсырылды.

Сонымен қатар Бектенов өңдеу өнеркәсібі үшін ғылыми әзірлемелердің әлеуетін кеңейту қажеттігін айтты.

Осыған байланысты Индустрия министрлігіне Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, өңдеу саласындағы ғылыми зерттеулерді қолдауға арналған кешенді шаралар пакетін әзірлеу жүктелді.

Өзгелердің жаңалығы