Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бектенов Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты

Бүгiн, 20:29
122
Бөлісу:
 Үкімет
Фото: Үкімет

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шағын және кеңейтілген құрамда ЕҮАК қатысушылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіп кооперациясын дамыту, сондай-ақ энергетика, цифрлық, кеден сияқты басқа да салалардағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Жиынға Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, бейнеконференция арқылы Куба Республикасының Премьер-министрі Мануэль Марреро Крус, сондай-ақ жиынға Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Делегация басшылары биылғы бірлескен іс-шаралар және 2026 жылға арналған ЕАЭО шеңберіндегі интеграция мен әріптестіктің басым бағыттары туралы пікір алмасты. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық, кедендік бақылау тетіктерін жетілдіру, электронды сауда, тауарларды таңбалау жүйесін дамыту және басқа да мәселелерге назар аударылды.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов өз сөзінде экономиканың негізгі салаларында оң серпінді қамтамасыз еткен ынтымақтастықтың іс-жүзіндегі нәтижелерін атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ЕАЭО туралы шартты жан-жақты орындау және үшінші елдермен сыртқы экономикалық ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өтті. Жалпы, ЕАЭО ұйымы жұмыс істей бастаған уақыттан бері Қазақстанның мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 90%-ға өсті. Біз экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, кедергілерді жоюға және өзара сауданы дамытуға бағытталған бірлескен жұмыстың серпінін сақтауымыз қажет, – деп атап өтті Олжас Бектенов.

ЕАЭО елдері биыл интеграцияны нығайтуға және мемлекеттердің орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге ықпал ететін бірқатар құжаттарды қабылдады. «IV Үлкен» Хаттамаға қол қою базалық Шартты жетілдіруге және ЕАЭО институттарының қызметін одан әрі дамытуға бағытталған. Сыртқы экономикалық байланыстардың кеңеюіне БАӘ, Моңғолия және Индонезиямен халықаралық келісімдер жасасу ықпал етпек.

Өзгелердің жаңалығы