Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бектенов: Ешқандай датчик жұмыскердің қауіпсіздігін алмастыра алмайды

10 Маусым 2025, 11:11
490
Бөлісу:
 Үкімет баспасөз қызметі
Фото: Үкімет баспасөз қызметі

Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, еңбекті қорғау жүйесі жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдеріне негізделуі керек.

Көбінесе ескірген жабдықтар, жаңғырту жұмыстарының кешігуі, жаңа технологиялардың болмауы өндірістік жарақат алу жағдайларының өсуіне алып келеді. Мемлекет басшысы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мәселелерін шешуді нақты тапсырды. Ерте ескерту және хабарлау жүйелері апат қаупі туындаған жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Бірақ ең бастысы – бұл адами фактор, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуын қатаң бақылауды ешқандай датчик алмастыра алмайды деп отыр.

Өкінішке қарай мұндай бақылаудың жеткіліксіз екенін айтуға тура келеді. Жазатайым оқиғаларды азайту үшін жұмыс берушілер жарақаттануға, әсіресе адам өліміне алып келетін жағдайларды болдырмайтын еңбек қауіпсіздігін, сондай-ақ автоматтандыру мен цифрландыруды қамтамасыз етуге міндетті. Әзірге, қолданыстағы әдістердің тиімділігі төмен. Қарапайым қауіпсіздік техникасының талаптары ескерілмей жатады. Еңбекті қорғау шараларын ұйымдастыруда бірыңғай тәсіл, ал ақпараттық жүйелерде өзара байланыс жоқ, - деді Олжас Бектенов.

Сондықтан бір ғана Еңбек министрлігінің күш-жігері аз болады. Үкімет басшысы бұл барлық мемлекеттік органдардың, әкімдіктер мен кәсіпорындардың бірлесіп атқаратын ауқымды жұмысына айналуға тиістігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы