«Бектас-Қоныс» кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза болды

1 Желтоқсан 2020, 12:08
1412
Бөлісу:
«Бектас-Қоныс» кен орнында өрт шығып, үш жұмысшы қаза болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 желтоқсанда сағат 01.34-те Сырдария ауданы, «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 108 шақырымында «Бектас-Қоныс» кен орнында жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. 


Өрт 1450 шаршы метр аумақты шарпыды. Жақын жердегі өрт сөндіру бөліміне дейінгі арақашықтық 160 шақырым. Жатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метрді құрайды. Аумақта 100 контейнер орналасқан, оның 48-і өртенді. Өрт сағат 06.40-та  толық сөндірілді. Оқиға орнында 3 адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша  олар 1967, 1985, 1970 жылы туған жұмысшылар. Онда барлығы 30 жұмысшы тұрған. Оның 27-сі өрттен 19 км қашықтықта орналасқан асханаға орналастырылды, - делінген ақпаратта.
жатак.jpeg

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 3 техникасы, «ПОЖМонтажҚұрылыс» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 9 жұмысшысы мен 2 техникасы, «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесурсы» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 3 қызметкері мен 1 техникасы шықты.


Өзгелердің жаңалығы