Бекшин вакцинадан басқа тұмаудан қорғанудың тәсілін атады

14 Қыркүйек 2020, 17:49
1961
Бөлісу:
Бекшин вакцинадан басқа тұмаудан қорғанудың тәсілін атады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында тұмау, ЖРВИ-дің алдын алатын қарапайым нұсқаулықты атады.

Оның айтуынша, тұмаудан қорғанудың вакцинадан басқа қарапайым шаралары бар.

Мәселен, дәрігердің рұқсатымен вирусқа қарсы поливитаминдерді, жақпамайларды қолдану, оның ішінде оксалин, антивир және басқаларын. Иммунитетті көтеретін ақуыз, витаминдерге және минералды заттарға бай тамақ өнімдерін, дене белсенділігін қоса алғанда дұрыс режимді сақтау керек. Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, науқас адамдармен қарым-қатынасты шектеу, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау, маусымға сәйкес киіну қажет, - деді ол.

Сондай-ақ, ол халық көп жиналатын жерлер мен науқасқа күтім жасағанда науқас адам да, дені сау адам да медициналық бетперде киюі қажеттігін айтты. 

Науқас үйде болғанда оны оқшаулап, бөлмелерді жиі желдетіп, науқас және үйдегілер маска киіп жүру, сонымен қоса науқасқа жеке ыдыс бөлген дұрыс. Қолды жиі жуу керек, егер қолды сабынмен жууға мүмкіндік болмаса, құрамында спирт бар немесе дезинфекциялық құралдарды пайдалану қажет. Ата-аналар науқастанған балаларын балабақшаға, мектепке жібермеуі керек. Осы аталған қарапайым нұсқауларды сақтау сіздерді ЖРВИ мен тұмау ауруынан қорғайды, - деді ол.

Сөз арасында ол жаппай аурушаңдықты болдырмау мақсатында және науқастарды дер кезінде анықтау үшін балалар ұйымдары мен мектептерде таңертеңгілік фильтрлердің жұмысы күшейтілгенін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы