«Спутник V», «QazVac». Бекшин қажылыққа қатысты сауалға жауап берді

27 Мамыр 2021, 11:42
3671
Бөлісу:
«Спутник V», «QazVac». Бекшин қажылыққа қатысты сауалға жауап берді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында елімізде салынып жатқан үш вакцина да қажылыққа баруға неліктен жарамайды деген сұраққа жауап берді.

Бұл мәселені қазір Денсаулық сақтау министрлігі қарастырып жатыр. Бұл мәселе маусым айында шешілуі мүмкін. Қазір Сауд Арабиясына ресми түрде өтініш жіберілді. Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы бұған жауап беретін болады, - деді Ж. Бекшин.

Бұған дейін Сауд Арабиясына қажылыққа онда ресми бекітілген вакцина алғандар ғана бара алады деген мәлімет тараған. Ол вакциналардың қатарында Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna бар және оның екі дозасын қабылдау талап етілген.

Өзгелердің жаңалығы