Бекшин: Қала бойынша КВИ жұқтырғандардың дені – жастар

20 Наурыз 2021, 19:50
2078
Бөлісу:
Бекшин: Қала бойынша КВИ жұқтырғандардың дені – жастар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустың таралуына байланысты жаңа қаулы қабылдаған Жандарбек Бекшин брифинг барысында осылай деді.

Алматының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирус жұқтыру жағдайы қандай деңгейде екенін айтты.

Коронавирус жұқтырып, ауырып жатқандар арасында жастар көбейді. Былтырғы жылы 1980 жылы туғандардан басталса, биылғы жылы 1990 жылғы туғандардан басталып жатыр. Мектепке дейінгі жастағы індет жұқтырған балалар саны 2 есеге артты. Коронавирус жұқтырған мектеп оқушылар саны 3 есе өсті. Бұл вирустың өте жұқпалы екенін аңғартады. Сол себепті вирустың таралуын тоқтату үшін шұғыл шаралар қабылдаймыз және қатаң шектеу шараларын қолданамыз, - деді ол.

Сонымен қатар бас санитар қалада локдаун қандай жағдайда енгізілуі мүмкін екенін айтып берді.

Бүгінгі кездесу локдаунға жол бермеу мақсатында өткізілді. Біз төсек-орын санына қараймыз, қазір олардың 50 пайыздан азы бос емес. Яғни, төсек-орын жеткілікті. Бізде әлі 4 мыңға жуық төсек-орын қоры бар. Қажет жағдайда оларды қолдана аламыз. Басты міндетіміз - барлық деңгейде медициналық көмек көрсете алуымыз үшін денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауын болдырмау. Тәулігіне 500-ден аса пациент ауруханаға жатқызылған жағдайда толық локдаун мәселесі қаралады, - деді дәрігер.

Еске салсақ, Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған еді. Құжатқа сәйкес қалада қатаң шектеу шаралары енгізілмек.
Өзгелердің жаңалығы