Бехтерев ауруы қалай пайда болады – дәрігер кеңесі

7 Қыркүйек 2020, 12:29
8509
Бөлісу:
Бехтерев ауруы қалай пайда болады – дәрігер кеңесі

Алматы, BAQ.KZ. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ревматолог дәрігері Бағжан Сейжанова Бехтерев ауруының пайда болу себептері, клиникалық көріністері мен емдеу тәсілдері туралы айтты.

Бехтерев ауруы, яғни анкилозды спондилоартрит – омыртқааралық буындардың қабынуынан пайда болатын, буындардың ұзақ уақыт бойы қабынуы олардың қимылын шектейтін анкилозға (бітіп кету) әкеп соқтырады. Анкилозды спондилитпен көбінесе 15-30 жастағы ер адамдар ауырады. 

Оның себептері:

Бехтерев ауруының даму себептерінде көбіне ауру ерекше тұқымқуалаушылық жағдайында белгілі бір генетикалық иммундық жүйесінің ерекшеліктері бар және созылмалы инфекциялардың (негізінен ішек және зәр шығару жолдарының) болуының маңызы зор. Әдетте ішек, жыныстық инфекциялар, стресс және қимыл-тірек аппаратының зақымдану факторлары өршітеді.

Қандай шағымдар болуы мүмкін?

Бұл әсіресе таңертеңгі уақытта арқаның ауруынан пайда болады. Бехтерев ауруына тән белгі – таңертеңнен белді қозғалта алмай, төсектен тұру қиынға соғады. Ауырсыну да, қозғалу да күні бойы қозғалыс басталған кезде ақырындап бәсеңдейді. Ұзақ уақыт қимылсыз (отыру, жату) жатқан жағдайда ауыру арта түседі. Ауыру, әдетте, алғаш рет жас кезінде (20-40 жас) пайда болады.

Бехтерев ауруына аяқ буындарының (әсіресе ұршық, тізе буындары) зақымдануы тән, бұл қимылдың ауырсынып шектелуі және ісінуімен байқалады.

30% жағдайында увеит немесе иридоциклит - нұрлы қабықшаның қабынуы  деп аталатын   көзалманың ішкі қабының қабынуының белгілі бір түрі кездеседі.

Көбіне өкше және абан сіңірлерінің өкше сүйегіне, сондай-ақ тізе буындарының ішкі жағынан және шынтақ буынының сыртқы жағынан бекітілетін жерлері жиі зақымданады. 

Сырқаттың соңғы сатысында арқада болатын  ауыруға омыртқаның қимылсыздығы қосылады. Осы қабыну процесінің нәтижесінде омыртқаның қалыпты қимылдауына кедергі болатын омыртқа денелері мен омыртқааралық буындар арасында сүйек бітуінің пайда болуымен байланысты болады. Бұл ретте ауырсыну синдромы әдетте әлсірейді және тіпті толығымен тоқталады.  

Ауру қалай емделеді?

Кешенді, ұзақ, кезең-кезеңмен емдеу (стационар – емхана – шипажай) тағайындалады. Ол ауырсыну синдромын азайтуға, қабынуды төмендетуге бағытталған. Емдеуді науқастарды мүгедектілікке әкелетін ауыр асқынулардың дамуын болдырмау және аурудың белсенділігіне сәйкес келу үшін мейлінше ерте бастаған жөн.

Егер сізде осындай симптомдар пайда болатын болса, шұғыл түрде ревматолог дәрігерге қаралу қажет.
Өзіңізді және өз денсаулығыңызды сақтаңыз!


Өзгелердің жаңалығы