Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының сотына Bek Air компаниясының қызметіне тұтынушылар құқықтары бұзылуы туралы талап арыз берді.
Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің талап арызында "Бек-Эйр" компаниясы қызметтер көрсетпей, сатып алынған авиабилеттерінің ақша қаражатын қайтармағандықтан тұтынушалырдың құқықтары бұзылғандығы көрсетілген (әуе рейстері тоқтатылды).
Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне бұрын 444 434 теңге сомасына билеттерді сатып алған 20 адам құқықтарының бұзылғандығы туралы арызбен шағымданды, - делінген хабарламада.
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі: 8 (7172) 74-98-36, 74-98-32.