Bek Air әуе апаты. Әуежай заңсыз құрылыстар бойынша олқылықтарды 3 жыл жоймай отыр

29 Сәуір 2022, 15:23
1349
Бөлісу:
Bek Air әуе апаты. Әуежай заңсыз құрылыстар бойынша олқылықтарды 3 жыл жоймай отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу департаментінің директоры Болат Наурызалиев Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 әуе кемесіне қатысты болған авиациялық оқиғаны тексеру жұмыстары аяқталғанына қатысты баспасөз брифингінде айтты. 

Біздің департамент әуеде болған оқыс оқиғаларды зерттеумен айналасады. Біз олардың себебі мен салдарын ғана анықтаймыз. Ол әділ әрі заң аясында жүзеге асырылады. Азаматтық авиацияның халықаралық ұсынымдарының стандарттарына орай аталған есеп әзірленді. Аталған есеп бойынша оқиғаға кім кәнілі екенін шешпейді. Жауапкершілікке кім тартылатынын да шешпейді, - деді ол. 

Наурызалиев атағандай, есепте  әуежайға қатысты да олқылықтар мен біздің сындар айтылды. 

Тергеу асында біздің әкімшілік ұйымдастыру мен авиациялық әкімшіліктің ұсынымдарына сәйкес, олар әуежайға қатысты бірқатар сынды айтты. Оларды жою бойынша ұсынымдар берілді. Біз ондай ұсынымдарды апаттық жағдайлардың алдын алуына, ондай апаттар қайталанбауы үшін береміз. Заңсыз құрылыстар болуы мүмкін. Ол ғимараттарға қатысты авиациялық ұйым әуежайға бірқатар тексеру жүргізді. Оларға қатысты да бірақатар сын айтылды. Апат болғаннан кейін 3 жыл өтті. Алайда ол олқылықтар әлі де жойылған жоқ, - деді Наурызалиев. 

Оның айтуынша, оларды ИИДМ жауапқа тартылмайды. Мұндай істермен ІІМ мен көлік прокуратурасы айналысады. 

Өзгелердің жаңалығы