Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министріне вокзалдардың құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олжас Бектенов баяндама жасаған Марат Қарабаевқа "Вокзалдар бойынша өзіңізге тапсырма берген едім. Ол еліміздің имиджі мен беделіне әсер ететін нәрсе. Сондықтан оны биыл аяқтау қажет" деді.
Министрі "түсінікті, рахмет" деп қысқа жауап қайтарды.
Мұның алдында Көлік министрі вокзал кешенін жаңарту жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанына тоқталған еді.
Қазіргі таңда дейін 5 вокзал реконструкциялау жұмыстарынан өткен. Осы жылы туристік бағыттарды қоса алғанда, тағы 53 вокзалға жөндеу жұмыстары басталады. Вокзал маңындағы алаңдарды жөндеу жұмыстары жергілікті атқарушы органдар тарапынан қамтамасыз етілуі қажет, – деді Қарабаев.
Еске сала кетейік, осыған дейін кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие берілетіні туралы жазғанбыз.