Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 26-ға жеттi. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммунакациялар орталығында өткен брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді.
Шартарапқа жайылып дүниенi кезген кесел біздің өңірден де тіркелгені баршаңызға аян. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, денсаулығын қорғау мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда өңір орталығы карантинге жабылды. Аудан, ауылға баратын жолдар да шектелді. Өңiрде коронавирус жұқтырғaндар саны 26-ға жетті. Қызылорда қаласы бойынша 6 адам, Жаңақорған ауданында 16, Қармақшыда 2, Шиеліде 2 жағдай. Барлығы карантиндік стационарға алынды. Науқастармен қарым-қатынаста болғандар да толық бaқылауда. Oблыс көлемінде әскер бөлім сарбаздарының көмегімен індет ошақтары дезинфекцияланып жатыр, - деді oблыс әкімі.
Гүлшара Әбдіқалықованың айтуынша, Қызылорда қаласына кіреберіс жолдарға 4 блок-бекеті қойылды.
Бірінші Шиелі-Қызылорда автожолы маңында, екінші бағыт Қызылорда -Жeзқазған автожолы Абай елдімекені тұсында, үшінші Жалағаш-Қызылорда Қараөзек елді мекені тұсында, төртінші Тұңғыш Президент атындағы саябақ тұсында қойылған. Әр бекетте 14 әскери қызметші кезекшілікпен жұмыс істейді. Арнайы техника және адам тасуға арналған автокөліктермен қамтылған. Полиция департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары да тәулік бойы карантин тәртібінің сақталуын қадағалайды, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс әкімі індеттің таралу қаупі өскендіктен Жаңақорған ауданын карантинге жабуды ұйғарғанын хабарлады. Аудан орталығына кіріп-шығу жолдарына 4 тосқауыл бекеті қойылды. Облыс шекарасында 3 бақылау бекеті жұмыс істеп тұр.